ЖЕТІГЕН БАТЫР

«ЖЕТІГЕН БАТЫР» -дастан. Халық ақыны Есдәулет Қандеков жырлаған дастан оқиғасы махаббат тақырыбына құрылған, онда адамның қартайса да армансыз болмайтындығы баяндалады. Дастан әрі батыр, әрі байЖетіген қарттың жас кезінде басынан өткен ғашықтық дерті туралы сыр шертеді. Жас Жетіген батырдың қалмақ ханының қызы Шырын сұлуға махаббатын бас кейіпкер өзі әңгімелейді. Оқиға сюжетінің кейбір тұстары ертегідегідей елес беріп, дастан соңы қайғылы аяқталған. 1939 ж. Есдәулет ақынның айтуынан жазып алынған бұл дастан бұрын еш жерде жарияланбаған. Жыр нұсқасы толық, 11 буынды қара өлең және 7-8буынды жыр үлгісіне құрылған, кей тұстарында қара сөзбен түсінік беріліп отырады. Қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *