Жеті басты жалмауыз

Жеті басты жалмауыз -мифтік сананың негізінде туып, көптеген халықтардың фольклорында айтылатын өте көне бейненің бірі. Қай халықтың ертегісінде болмасын Жеті басты жалмауыз адамзаттың жауы, дүниедегі зүлымдықтың өкілі ретінде бейнеленеді. Қазақ фольклорында да Жеті басты жалмауыз көп жағдайда айдаһар, кейде жалмауыз кемпір бейнесінде суреттеледі. Батыр кейіпкердіңЖ. б. ж-бен шайқасуы барлық елдің ертегілерінде бар. Жеті басты жалмауыз кейбір ертегілердің сюжетінде қаланың немесе ауылдың жанында пайда болып, сол елден бірнеше қой мен бір қызды салыққа алып жеп отырады деп суреттеледі. Елді одан құтқару тек елден ерекше шыққан батырдың қолынан келетіні айтылып, халық фольклорында сол батыр арқылы дүлей күшті жеңу идеясын білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *