ЖЕТЕС Қыстаубайұлы (шамамен 1828, Қызылорда обл. Арал ауд. -1914, сонда) -би, шешен. Ж. би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Ж. бидің Райым, Шыбынды болыстарын басқарғаны туралы деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік сөздері ел арасына тарап, «тілді би» атанған. Ж. би туралы Қ.Салғариннің «Көмбе», С.Толыбековтің «Қазақ шежіресі» кітаптары мен «Ел аузынан»ж-нағында жазылған.