ЖЕРГІЛІКТІ КОЛОРИТ

ЖЕРГІЛІКТІ КОЛОРИТ -әдеби шығармаларда белгілі бір қоғамның өміріне, сол ортаға, мекенжайға тән ерекшеліктердің көрініс табуы, суреткер жазбаларының жергіліюі сипаттағы
бояу-реңкі. Айталық, сентименталист жазушыларда жергілікті әсіресе пейзаждық суреттеулерден айқын аңғарылады. Жазушы-романтиктер болса, басқа бір континенттер мен елдер табиғатын жергілікті колорит тұрғысында суретгейді. Мәселен, Еуропа жазушылары үшін Жерорта теңізі аймағы елдері мен Таяу Шығыс көріністері жергілікті колорит рөлін аткаруға себеп болған. Ал орыс романтиктері Кавказ туралы жазған, жырлаған. Әсерлі де әсем табиғат суреттері, өзгеше өмір сүру салты, әдеттегіден бөлек мінез қырлары романтик. шығармаларды толықтыра, байыта түскен, әр берген. Бұл орайда жергілікті колоритті тек табиғатпен ғана байланыстырып қарау жеткіліксіз, оның әлеум. маңызы да бар. Айталық, романтиктер басқа халықгардың ешкімге ұқсамайтын тіршілік әрекетіне, әдет-ғұрпына назар аударған. Сол арқылы жаңадан бір өмір сырларына үңілген, соны жырлауға, ашуға ұмтылған. Лермонтовтың кейбір жырларынан, Толстойдың «Казактар» повесінен жергілікті колорит әсерін көруге болады. Қазақ әдебиетінде де жергілікті колоритпен жазылған шығармалар бар. М.Әуезовтің «Индия очерктері», Қ.Бекхожиннің Тәжікстан туралы жырлары, Ғ.Қайырбековтың Қара теңіз жырлары т.б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *