ЖЕЛДІРМЕ

ЖЕЛДІРМЕ -жыр,толғау, терме сияқты суырып салып айтуға негізделген. музыкалық-эпикалық дәстүр аясында пайда болған жанр. Мақамдық-муз. құрылымы жағынан терме мен Ж. жанрларының айырмашылығы көп емес. Екеуі де тақпақ сазды мақамға құрылады. Осы тұрғыдан Ж-ні терменің ерекше көңіл күймен,шапшаң орындалатын бір түрі ретінде қабылдауға да болады. Ж. үлгілері көп емес. Оған қатысты пікірлер И.Байзақовтан жазылып алынған Ж-нің 5 үлгісіне негізделіп жүр. Ж-нің негізгі ерекшелігі -ішкі көтеріңкі көңіл-күй сезімін түйдектете, шұбыртпалы ұйқасқа негіздеп, жылдам мақаммен жеткізуінде. Оның 11 буынды өлшемге ғана құрылуы шарт емес. Кейде 7-8буынды жыр өлшеміне де негізделуі мүмкін. Басты шарты -желдіртіп, түйдектетіп айту. Поэзиялық арқауы, ішкі мазмұны жағынан Ж-нің термеден айырмасы да жоқ емес. Термеде бір құбылыстың болмыс-бітімі жан-жақты, тәптіштеп жеткізілсе, Ж-де шаттану, мақтану, марапаттау үстем. Осы сипаты оны қара өлеңге ұқсатса, екінші жағынан, ақыл-кеңес, ғибрат, дидактикаға негізделген термеден де ерекшелейді. Термеге тән иірімдік қайырымдар орнына «ги-ги-гай», «ля-ля-ляй», «а-ри-ри-тай» деп келетін қысқа, бірақ барынша жылдам орындалатын аяқтамалар кездеседі. Мақамдық деңгейдегі толғаныс, әуен-сазды қорытындылау мұнда жоқ. Байзақовтың кейбір Ж-лері-нен ән мен термеге тән белгілерді қатар кездестіруге болады. «Кім көрді көктің жерге құлағанын, кім көрді Күннің жарық сұрағанын» деп келетін Ж-нің басы ән, аяғы терме. Ж-де әнге ұқсас бастама мен қайырмада болады. Мұндағы әуен мен өлеңнің асинхрондық байланысы муз. мақамның әріден келе жатқанын байқатады. Ж-нің мазмұны еңбек тақырыбына құрылған, мақамы ұшқыр, әуезді, нағыз желдіртіп орындалатын түрлері де бар. Байзақов Ж-лерінің басым көпшілігі дориялық мақамға құрылған. Олардың муз. құрылымы Ж. мен термені жақындастырса, мазмұны, көркемдік жүйесі, мақсаты мен міндеті оларды даралауға қызмет етіп тұр. Осы негізде Ж. муз.-эпик. дәстүр тудырған жеке жанр ретінде танылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *