ЖЕЗТЫРНАҚ

ЖЕЗТЫРНАҚ -қазақ фольклорында кездесетін мифтік бейне. Мұндай бейнелер -Мыстан кемпір, Жалғыз көзді дәу, Жеті басты жалмауыз, Айдаһар, Таусоғар, Көлтаусар, Желаяқ. т.б. Жезтырнақәдетте ертегінің жағымды кейіпкеріне қарсы оның қас дұшпаны ретінде көрінеді. Бірақ ол қаншалықты жауыз,айлакер болса да,халықтан шыққан батырлардан жеңіліп қалып отырады. Жағымсыз бейне барлық халықтардың ертегілерінде (қырғыз, ұйғыр ертегілерінде -жалмауыз,орыстарда -Баба Яга. т.б.) бар. Қазақ фольклорында Жезтырнақ»Құламерген»,»Жерден шыққан Желім батыр»,»Аламан мен Жоламан» сияқты ертегілерде, «Алпамыс батыр» эпосында, Ж.Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанында кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *