ЖӘМІШЕВ Әбіраш

ЖӘМІШЕВ Әбіраш (5.12.1928. Қызылорда обл. Тереңөзек ауд. Шіркейлі а. -26.8.1995, Алматы) -ақын,әдебиет сыншысы. ҚазҰУ-ды бітірген ( 1956). 1956 -61 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде,1961 -65 ж. «Қазақ әдебиеті» және «Қазақстан»баспасында бөлім меңгерушісі, 1969 -80 ж. жауапты хатшы.,1966 -69 ж. «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі,1950 -60 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1983 -90 ж. редактордың орынбасары,жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдері 1951 ж. жариялана бастаған. Шығармалары орыс тілінде «Серебрянные пучи» (1975),»Утреннее сияние» (М„ 1982) деген атпен басылып шыққан. Орыс, армян, тәжік, араб, әзербайжан, өзбек ақын, жазушыларының, бірқатар туындыларын қазақ тіліне аударған. «Еңбектегі ерлігі үшін»,»Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *