ЖӘЛМЕНДЕ Байшығашұлы (1846. Алматы обл. Қаратал өз-нің төменгі сағасы -1901. Сауд Арабиясы) -би,шешен. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Үржарда
өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Ж-ні шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2-3күн кешігіп барғанымен,съезді Ж. би ашады. Уезд бастығы Лосовский осы жиында Ж-нің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Ж. қырғыз Шәбден төре, Бөлтірік шешен, Маман бай. Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Ж. 1901 ж. қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненіңаралығындағы «Жанәтіл бақия» деген құдықтың маңында қаза тапқан. Ж. туралы ел аузында сақталған аңыздар «Баласы Жәлменденің Пішән едім» (1999) атгы кітапшада жинақталып берілген.