«ЖАС АЛАШ» -жастарға арналғанең байырғы және беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 ж. 22 наурызда Ташкент қ-нда жарық көрген. Ұйымдастырушысы әрі тұңғыш редакторы Ғ. Мұратбаев, жауапты хатшысы I. Жансүгіров болған. Сол кездегі қаржы тапшылығына, т.б. себептерге байланысты басылым «Жас қайрат» (1925),»Өртең», «Жас қазақ» (1923) газеттері және осы аттас журнал түрінде шығып тұрған. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С.Садуақасов, А. Байтұрсынов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж. Аймауытовтар » Еңбекші қазақтың» бір
бетін «Лениншіл жас» деген атпен де шығарған. Газет 1927 ж. 22 қыркүйектен «Лениншіл жас» деген атпен шыға бастады. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке «Жас алаш» атауы қайтарылды. 2000 ж. Ұлттық баспасөз клубы,Қазақстан баспасөз клубы, «Алтын жұлдыз» орт. бірігіп өткізген дәстүрлі «Алтын жұлдыз» бәйгесінде «Ж. А.» жылдың ең үздік газеті атанып,»Алтын жұлдыз» белгісімен,газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемл. тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегіүшін жылдың таңдаулы «Алтын адам» сыйл. марапатталды. Көл. 3 б. т. Таралымы 53800 дана. «Студент», «Руханият», «Алдаспан»,»Мыңнан бір мезет», «Ақ отау», т.б. қосымшалары бар.