ЖАС АЗАМАТ

«ЖАС АЗАМАТ»-қазақ жастарының саяси-қоғамдық, экономикалық газеті. Іс жүзінде қазақ жастарының мәдени-ағарту ұйымы «Бірлік» пен «Жас Азамат» ұйымының органы болған. 1918 жылдың 30 шіл-десінен 1919 жылдың ақпан айына дейін Қызылжар қ-нда араб әрпімен, барлығы 22 саны жарық көрген. Жауапты шығарушылары -К.Кемеңгерұлы, Б.Малдыбайұлы, бастырушысы -Алаш серіктестігі, Газеттің негізгі саяси бағыты -ұлт бостандығы, ұлт теңдігі, елдік пен ұлттың тұтастығын сақтау. Негізінен, газетте Ресейдегі саяси жағдай,жер мәселесі. Алашорда үкіметі мен уақытша үкімет қызметі елдегі шаруашылық жайлары, мәдени хабарлар, өлең, фельетондар жарияланып тұрған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *