ЖАРМАҒАМБЕТОВ Қайнекей

ЖАРМАҒАМБЕТОВ Қайнекей (25.8.1918. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Шиелі а -10.9.1974, сонда) -ақын, әдебиет зерттеуші. ҚазҰПУ-ды (1941), аспирантурасын (1949) бітірген. 1941 -48ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нде нұсқаушы, Қазақстан ЛКЖО ОК-нде хатшы, 1948 -58 ж. ҚазҰПУ-да аға оқытушы, доцент, директордың орынбасары, 1958 -64 ж. «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз»), «Ара» -«Шмель» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, әдеби кеңесші қызметтерін атқарған. 1964 жылдан шығарм. жұмыста болған. Алғашқы жинағы «Заман біздікі» деген атпен 1950 ж. жарық көрген.»Адам туралы аңыз» (1951), «Мұғалима туралы баллада» (1957), «Балладалар» (1962), «Соңғы күн» (1967),»Дәурен», «Сырлы тал» (1971),»Шыңдағы шамшырақ» (1976) атты жинақтары, «Әнші азамат» повесі (1951),«Азамат жолы»(1983) кітаптары бар. Жазушылар өмірінен көптеген монографиялық еңбектер жазған. И.Шиллер, А.Мицкевич, М.Лермонтов, А.Барто, т.б. өлеңдерін, Б.Ершовтың «Тұлпартай, сұңқартай» ертегісін, И.С. Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын қазақ тіліне аударған. Ж.»Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» (1949. 1958. 1960),орта мектепке арналған «Қазақ совет әдебиеті» оқулығы (1948 -51) авторларының бірі. Бірнеше рет «Құрмет белгісі» (1945) орденімен және медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *