ЖАППАСҰЛЫ Еркін (6.6.1954ж.т., Шығ. Түркістан) -жазушы,сықақшы. ҚазҰУ-ды бітірген (1982). 1971 -73 ж. Ақсуат ауд. Пионерлер үйінің директоры. 1982 жылдан «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде,»Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінде қызмет атқарған. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы. Алғашқы сықақ шығармалары 1967 ж. жылдан бастап бұрынғы Семей обл. «Семейтаңы.респ. «Қазақәдебиеті»,»Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде,»Ара-Шмель» және «Жалын» журналдарында жарияланған. «Кімге күлкі, кімге түрпі?» (1986),»Ой, қытығым келеді…» (1994) сатиралық кітаптары жарық көрген. «Қымсынбашы, қылықтым» атгы кітабы үшін Халықар. «Алаш» әдеби сыйл. берілген (2003). Шығармалары орыс, қытай тілдеріне аударылған.