(1865. бұрынғы Жетісу обл. Жаркент уезі. Қырғызсай а. -12.5.1916. Қырғызстан. Қарақол) -би,шешен. Жаркент медресесін бітірген. Араб, орыс, қытай, моңғол тілдерін меңгерген. Жаркент мешітін салуға үлес қосқан. 1893ж.Тоғызбұлақта(қазіргі Ұйғыр ауд-нда) қазақ-орысмектебін ашқан. Жамбыл, Тоқтағұлмен етене араласып, Тұтқа, Көгілдір, Шынар, Жәміха ақындармен сөз жарысына түскен. 1916 жылғы Жетісу өңіріндегі ұлт азаттық қозғалысына қатысып,өз руластарықоңырбөріктерді қаруландырып, Қарқара көтерілісшілері қатарына қосқан. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін, Ж. Қарақол (Қырғызстан) абақтысына қамалып, серіктерімен бірге атылған. Ж. есімі Алматы обл. Ұйғыр ауд-ның орталығы Шонжыдағы қазақ орта мектебіне, орт. көшесіне беріліп, ескерткіш орнатылған.