ЖАНҰЗАҚОВА Фарида Дүйсенбекқызы (1935. Семей қ. -1993) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1954). 1954 -67 ж. «Ленинская смена» газетінде, 1967 -71 ж. «Жазушы» баспасында қызметкер, бөлім меңгерушісі. Ж. шығармалары «Өмірбаян жаңа басталды» (1967) жинағына енген. М.Гумеровтың «Әкемнің әкесі» (1968) әңгімелер жинағын, «Балаларға базарлық» ұжымдық жинағын (1969). Ә.Әбішевтің «Белгісіз батыр» пьесасын (1970),Б.Тілегеновтің «Көктем де ызғарлы» (1972),К.Исаевтың «Соңғы тәулік» (1973) романдарын, Б.Тоғысбаевтың»Ар» (1975). М.Дүйсеновтің Гүлжан» (1976) повестерін және Қ.Байсейітовтің «Құштар көңіл» (1983) повесін орыс тіліне аударған. Ж. «Құрмет белгісі» орденімен (1986). Қазақстан Жоғ. Кеңесінің грамотасымен марапатталған.