ЖАНҰЗАҚ (т.аж.б.. Шығ. Қазақстан обл. Тарбағатай ауд.) -18 -19 ғасырда өмір сүрген ақын. Атақты Қабанбай батырдың жақын серігі. Дәулетбай батырдың немересі. Жастайынан ақындыққа бой ұрып, өз кезіндегі ел басқарған болыстар мен билердің қарапайым халыққа істеген қиянат қылықтарын уытты өлең тілімен әшкерелеген, заман жайлы, ел тіршілігі мен туған жер жайлы толғаған өлең-жырлары халық арасына кең тараған.