ЖАНСҮГІРОВТІҢ ӘДЕБИ МҰРАЖАЙЫ

ЖАНСҮГІРОВТІҢ ӘДЕБИ МҰРАЖАЙЫ, Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени-ғылыми мекеме.1984 ж. 23 қарашада Жансүгіровтің туғанына 90 жыл толуына байланысты Талдықорған қ-ндаашылған. Оның экспозициясы кіре беріс зал және 5 бөлімнен тұрады. Мұражайда ақын тәлім алып, ұстаз тұтқан ақындардың суреті мен қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, ақынның «Күй» поэмасына арқау болған қобызшы Молқыбайдың қобызы, ақын кабинетінде жазу үстелі,күнделікті пайдаланған қағаз-қаламдары, сонымен бірге оның Б.Майлинмен жазысқан хаттары сақталған. Музей І.Жансүгіровтің қоғамдық қызметімен, Қазақстан халықтары,шет ел тілдеріне аударылған шығармаларының аудармаларымен,түрлі құжаттар және фотосуреттер Қазақстан Жазушылар одағы Қазақ ұйымдастырук-тінің председателі. Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы басшысы ретіндегі ақынның жан-жақты қызметімен таныстырады. Оның кеңес жазушыларының 1-съезі кезінде М.Горькиймен бірге түскен суреті және орыс, шет ел әдебиеті шығармаларынан аударылған басылымдары да осы залға қойылған. Мұражайда ақынның қаламдас достары мен замандастарының фотосуреттері, олар туралы материалдар, сонымен қатар экспозицияда ақынның әдеби шығарм-ғын жалғастырушы ізбасарларының суреттері де қойылған. Ақын атына байланысты тарихи жерлердің фотосуреттері мен оның 90 жылдығына арналған экспозициялар,ақынның жеке кітапханасы мен мұрағаты да бар. Мұражайда түрлі мәдени ағарту жұмыстары,әдеби диспуттар өткізіліп тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *