ЖАНҚҰТТЫ Ботанбайұлы Жақсы Жанқұтты (1810.Қарағанды обл. Шет ауд. Аюлы тауының баурайы. -1873. Сауд Арабиясы. Мекке қ.) -шешен,би. Ауыл молдасынан мұсылманша сауатын ашқан. Кейін әкесі Ж-ны медресеге оқуға береді (1824). Кейін ел ішіндегі әртүрлі билік,әкімш. жұмыстарына араласады. Ж. өз заманының әділ биі,от ауызды,орақ тілді шешені Шабанбай бидің тәлім-тәрбиесін көрген. 1850. 1873 жылдары қажылыққа барған. Соңғы барғанда Құнанбайдың келесі жылы барайық деген сөзіне: «Келер жылға мен қарар едім,ажал қарамайды ғой» деп жүріп кетеді. Сол сапарында Меккеде қайтысболады. Шешеннің айтқан дуалы сөздерінен халыққа қамқор болу, сыртқы дұшпандарынан қорғану үшінжасаған іс-әрекеттерді; ел бірлігін сақтау, ру арасындағы даулы мәселелерді шешу барысында әділ қазылық жасау; ұрпаққа ұлағатты сөз қалдыру, жастарды тәрбиелеуге айрықша мән беріп, көңіл бөлу жайлы бағыттар байқалады. Ж. туралы деректер Қ. Жұмалиевтің»XVIII-XIX ғ-дағы қазақ әдебиеті» (1967). Б. Адамбаевтың»Халық даналығы» (1984). «Ел аузынан» (1990) еңбектерінде келтірілген.