ЖАНҚОЖА БАТЫР

«ЖАНҚОЖА БАТЫР» -тарихи жыр. 19 ғ-дың орта шенінде Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан отаршылдығына қарсы күресін суреттейді. И.В. Аничков жырды 1893 ж. қағазға түсіріп,»Қазан ун-тінің археология, тарих,этнография қоғамының хабаршысында» (1894. XII т„ 3-бөлім) жариялаған. Жырда Кенесары, Төлек, Арынғазы, Есет, Бекет, Бабажан, т.б. тарихи тұлғалар мен Үргеніш, Бұхара, Райым секілді жер-су атаулары көптеп кездеседі. Жекелеген ру аттары да көрініс тапқан. «Ж. б.» жырының көлемі шағын,161 жол. Тілі көркем. Мысабай жыраудан жазылған осы жыр үлгісін С.Сейфуллин «Жаңа әдебиет» журналының 1926 жылғы 5-санында араб әрпімен жариялаған. «Жанқожа жайлы өлең» деп аталған жырдың осы үлгісі Т.Қоңыратбаевтың «Ертедегі ескерткіштер» (1996) зерттеуінде қайта басылған. Қазақстанның Орт. ғыл. кітапханасының сирек қолжазбалар қорында «Ж. б.» жырының бірнеше үлгісі сақталған. Олар «Жанқожа батыр», «Жанқожаның тарихы», «Жанқожа батыр мен Бабажан сарт». Бұл нұсқалардың біреуі қара сөзбен,өзгелері өлеңмен жазылған. Жинаушылары -М.Ахметов, Баймұхамбетов, С.Бөлекбаев, Қ.Көрегенов, Қалижанов, Қ.Сұлтанов, Н.Қарабатыров, т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *