«ЖАМБЫЛ МЕН ҚҰЛМАМБЕТ АЙТЫСЫ» -ақындар айтысының классикалық үлгілерінің бірі. 1897 ж. Ұлы жүз Албан елінің жайлауында Шәрипа деген қыздың ұзатылу тойында өткен. Осы тойда Құлмамбет Жетісу мен Ыстықкөлден келген 9 ақынды түгел жеңеді. Жамбылайтысқатүскенде Құлмамбет оны бірден абыржытып алу үшінкемсітіп, кедейлігін бетке басады, Жамбыл Албан елінің бірнеше байларын атап, сол мақтаулы байлардың кедейлердің табан ақы, маңдай терін жеп жүрген құлқын құмарлығын әшкерелейді. Ел қорғаған
ерлігімен, әділдігімен танылған халық батырларын дәріптейді. Айтыстан қазақ елінің сол кездегі өмірі, қоғам қайшылықтары, азаматтық мәселесі туралы элементтерді байқауға болады. Ж. осы айтыста Құлмамбетті жеңіп, Жетісудағы «бірінші ақын» атанады. Айтыс 7-8буынды жыр және 11 буынды қара өлең үлгісімен жырланған. Айтыстың көркемдік ерекшеліктерініңбірі -екіақынның сөздері ұзақ сүре жыр, монолог болып келуі. Айтыс ең алғаш 1931 ж. жарияланған, кейін бірнеше рет Жамбыл жинақгарында, «Айтыс» атты кітапта (1964) басылған. Айтыстың толық мәтінін Ш.Әбдікәрімов, С.Мүсірепов, А.Тайшиев, Е.Қандеков, К.Әзірбаев, т.б. ел арасында жатқаайтып жүрген.