ЖАМБЫЛ Жабаев (28.2.1846. Жамбыл обл. Жамбыл тауының етегінде -22.6.1945. Алматы) -ақын,жырау, жыршы. Жасынан анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген. С.Аронұлының шәкірті. Асан қайғы, Бұқар жырау, Шөже, Балта, Шернияз, Шортанбай, Дулат, Сүйінбай, Досқожа, Нысанбай, Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ. т.б. ақындарды үлгі тұтқан. Сонымен бірге Ж. туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік білген. Қырғыз айылдарын аралап,өлең айтып, күй тартып, айтысқа түскен. Атақты Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнерсайысына түскен, солармен бірге «Манас», «Ер Төштүк» эпостарын жырлаған. Ж-дың шығарм. өмірі, негізінен, 19 ғ-дың 70-жылдарынан басталған. Ж-ды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері -оның айтыстары. Ж-дың Сайқал қызбен (1864 -65), Жаныс ақынмен (1866), Бөлектің қызымен (1870), Бұрым қызбен(1873), Айкүміспен (1874), Сарамен (1875), Сары ақынмен (1875),Шыбылмен (1890),Бөлтірікпен (1890), Майкөтпен (1891), Сарбаспен (1895), Құлмамбетаен (1897), Досмамбетпен (1907), Шашубаймен (1909), т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысы кезінде жазылған өлеңдерінен есте қалып,хатқатүскені -«Патшаәмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлең-толғаулары,»Заман ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстантойына», «Жастар алдындағы сөз»,»Батырақкедейлерге», арнау, толғауларыбар.Ж. -жыршылық өнердің де асқан шебері. Ол»Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы» дастандарын жырлаған. Оның толғау, дастандары, негізінен, шұбыртпалы, төкпе жыр ұйқасына құрылған. Ақын мол мұрасында шалыс ұйқастың да, егіз ұйқастың да, сыңар ұйқастың да үлгілері көп. Ж-дың үздік шығармалары 40-тан астам шетел тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард, т.б. атақгы суреткерлер Ж. поэзиясына жоғары баға берді. Ж. тура-лы жүздеген өлең-жырлар жазылды. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендеріменмарапатталған. Сталиндік (кейінКСРО Мемлекеттік) сыйл. лауреаты атанды (1941). Ж-дың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына берілген.