ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІР

ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІР -кззақ ертегілеріндегі жағымсыз бейне. Ол кейде жеті басты, қарға тұмсық,қол-аяғының тырнақтары сояудай, адам қанын соратын қорқынышты кейіпкер ретінде суреттеледі. Ж. к. бейнесінің тарихи негізі бар. Матриархат дәуірінде руды қария әйелдер басқаратын болған. Жас балаға ат қою, жетім қалған балаларға қамқорлық жасау, шеттенкелген адамды руға қабылдау, жастарды үйлендіру, рулық заңдарды қатал сақтау т.с.с. осы ананың әмірінде болған, керек кезде ол бақсы да. әскер басы да болған. Осының нәтижесінде қарт анаға табынушылық пайда болған. Ол керемет күш иесі, қолынан келмейтіні жоқ сиқыршы, рудың жауларын. жын-шайтанды да жеңе алатын күш деп танылған. Патриархаттың тууына байланысты бұл бейне құлдырап бұрынғы маңызын жойды. Оның атқаратын қызметі кейіннен аталық рубасыға ауысты. Рубасы ананың бейнесі мифтік аңыздарда ғана қалды,бара-бара ол жалпы атпен жағымсыз кейіпкер сипатын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *