«ЖАЛИС әл-МҮШТАҚИН» -мұсылман шейхтары туралы тарихи-өмірбаяндық шығарма. Авторы -Маулана Пайрауи деген есіммен белгілі болған шаһ Мұхаммед ибн Хисам әд-Дин. Бұхарлық атақты шейх Қожа Исхақтың өмір тарихына арналып, 1595 -1600 ж. жазылған. Шығарма аңыз-әңгімелерден құралғанымен, онда Орт. Азия. Қазақстан халықтарының тұрмысы мен тарихына қатысты қызықты деректер бар. Әсіресе 16 ғ-дағы Орт. Азияның солт.-шығыс бөлігінде болған тарихи оқиғалар туралы мағлұматтар Қазақстан тарихнамасы үшін құнды дерек көзі болып табылады.