ЖАЛАҢАШ АТА

ЖАЛАҢАШ АТА -қазақ халқының аңыз әңгімелерінде кездесетін жел киесі. Әрбір құбылыста құдірет бар деп сенетін халық желдің киесін желбір-желексіз, жеңіл жүретін бейнеге теңейді. Табиғат құбылысындағы мазасыз әрекетгің жебеушісі Ж. а. деп білген. Ол үнемі жортып жүретіндіктен, үстіне киім кимейді,аптапқа күймейді,суыққа тоңбайды. Қыста ақ қарды оранып жатса, жазда ағаш пен шөптің саясында тыныстайды. Сонда жел де тына қалады. Қырман сыпырып, тары ұшырып жатқан қырманшылар Ж. а-ға ысқырып хабар беріп, жел шақырады. Мұны естіген Ж.а қарғып тұрып желді жұмысқа жегеді деп ойлаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *