ЖАҚЫПБЕКОВ Есенқұл

ЖАҚЫПБЕКОВ Есенқұл (10.2. 1954 ж.т.,Алматы обл. Жамбыл ауд.) -айтыскер ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1990). 1974 жылдан Жамбыл ауд. газет редакциясында қызметкер, ауд. өнер мектебінде, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы обл. бөлімшесінде меңгеруші қызметтерін атқарған. Қазір Ұзынағаш а-нда мектепте мұғалім. Өлеңдері «Қарлығаш» жыр жинағына енген (1984). «Бастау», «Ағымнан жарыламын» (1986),»Біз екеуміз» (1990),»Жеріңе табын» (1994), «Ар мен жар» (1995),»Жан қисса» (1996),» Біздің елдің жігіттері», «Есіл дүние-ай» (1999),»Бұл жаз да өтер» (2001) шығармалары жарықкөрген. 1984 ж. телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш жеңімпазы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *