ЖАҚАНОВ Ілия (6.5.1936 ж.т., Жамбыл обл. Сарысу ауд. Ақгоғай а.) -жазушы, композитор. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1990), Қырғызстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1994). Әлеум. ғылымдар академиясының құрметті акад. (1997). Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (1998). ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1959 -63 ж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі, 1963 -84 ж. Қазақстан теледидар және радио-хабарлар жөніндегі мемл. к-тінде редактор. аға редактор. Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1984 жылдан шығарм. жұмыста. Алғаш рет оқырмандарға «Қайта оралған ән» ( 1968) кітабы арқылы танылған. «Қош бол,вальс» (1969) кітабы. «Кертологоо»(қырғызтілінде, 1989),»Ықылас» романдары (1990),»Екі жирен» (1976),»Бірінші концерт» (1971),»Махаббат вальсі» (1983),»Аққулар қонған айдын көл» (1988) әңгімелер,эсселер және новеллалар жинақтары. «Қарабура» (1997) тарихи-танымдық шығармасы жарық көрген. Композитордың «Әселім әнім»,»Даниярдың әні», «Еділ мен Жайық». т.б. әндері халық арасында кең таралған. Қырғыз жазушысы
Т.Қасымбековтың «Сынған қылыш» тарихи дилогиясын қазақ тіліне аударған. (1981). Ж-тың «Біржансал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай»,»Естай әнші»,»Жаяу Мұса»,»Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ». т.б. сал-серілер ғұмырнамасы. «Шоқан және музыка»,»Жамбыл және музыка»,»Сәкен және музыка» атты деректі фильмдері бар. Халықар. Жамбыл атынд. сыйл. лауреаты (1997).