ЖАЙЛАУОВ Өкім

ЖАЙЛАУОВ Өкім (21.12.1929 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Үшарала.)-ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1953). 1953 -54ж.Респ.»Қазақстан пионері» (қазіргі «Ақжелкен»), 1954-62,1965-67 ж. Жамбыл обл. «Еңбектуы» (қазіргі «Ақжол»), 1963 -65 ж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде, 1962 -63 ж. «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде»), 1967 -72 ж. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналдарында, 1963 ж. Жамбыл обл. радио хабарларын тарату к-тінде қызмет істеген. 1971 -81 ж. Қазақ Совет энциклопедиясы редакциясында аға ғыл. редактор болған. Алғашқы «Өмір жыры» өлеңі «Әдебиет және искусство» журналында 1949 ж. жа-рияланған. Тұңғыш өлендер жинағы -«Шәкірт ойы» 1958 ж. жарық көрді. Ж-тың «Елка жыры» (1960),»Жасыл бақша» (1961),»Шопан дауысы» (1968),»Жарқын жаз» (1971),»Арай» (1973),»Күміс жаңбыр»,»Соны соқпақ» (1977),»Шұғылалы шақ» (1978),»Дарқан дала» (таңдамалы,1979),»Мәңгілік от»,»Наурыз нақыштары»,»Мезгіл бояулары» (1993),»Шартараптан шарапат» (таңдамалы. 1999). т.б. жыр кітаптары жарық көрген. Өлеңдері «Бүгінгі күн» атты орыс тіліндегі жинаққа (1958) енген. Ол орыс ақындары М.Лермонтов, С.Маршак. С.Михалков. А.Барто,осетин ақыны К.Хетагуров. поляк ақыны Ю.Тувим. т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *