ЕШНИЯЗ САЛ Жөнелдікұлы

ЕШНИЯЗ САЛ Жөнелдікұлы (1834. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. -1902. сонда) -ақын,әнші,композитор. Балқы Базар,Қарасақал Ерімбет,Жиенбай жыраулармен бірге жүріп,ел ішінде сал-серілігімен аты шыққан. «Әуия», «Оһуай» («Айжан-ай»), Гөй-гөй», «Дүрдеараз», «Желдір мая». т.б. әндері халық арасына кең таралған. А.3атаевич алты әнін нотаға түсіріп,»Қазақтың мың әні» жинағына (Орынбор. 1925) енгізген. Оның Серәлі қожамен (Мұхамеджан Серәлиннің әкесі), Кенекес ақынмен айтыстары сақталған. Әндері мен жырлары «Қасиетгі Қармақшым» (2003),»Ғасырлар толқыны» (2004) жинақтарына енген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *