ЕСІМЖАНОВ Тұрсынзада (21.1. 1941 ж.т„ Алматы обл. Ақсу ауд.) -ақын. 1957 ж. Ақсу ауд. «Ленин жолы», 1958 ж. Талдықорған обл. «Советтік Жетісу» газеттерінде еңбек еткен. 1975 -84 ж. «Жазушы» баспасында редактор болып қызмет атқарған. ҚазҰУ-ды бітірген (1965). Қазір Респ. «Экология» қоғамдық академиясының академигі. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1957 жылдан жариялана бастаған. Тұңғыш жыр жинағы «Қабырға тал» 1963 жарық көрген. «Соңғы сот», «Зауал», «Жолда қалған жолаушы» пьесалары бар.