ЕСПЕНБЕТОВ Арап Сіләмұлы

ЕСПЕНБЕТОВ Арап Сіләмұлы (4.3. 1945 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а.) -ғалым. филол. ғыл. докт. (1993). проф. (1994). ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері (1987). Семей пед. ин-тын бітірген (1965). 1967 жылдан бастап Семей пед. ин-тында оқытушы (1967 -72). аға оқытушы (1978 -79), доцент (1991), аға ғыл. қызметкер (1989 -91). 1972 -75 ж. ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірді. 1977 -78 ж. Семей пед. ин-ты фи-лол. ф-ті деканының орынбасары, ф-т деканы (1978 -89). қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1993 -96). 1993 -96 ж. Шәкәрім атынд. Семей пед. ин-тының оқу жөніндегі проректоры, «Семей» мемл. ун-ті гуманитарлық ин-ты-ның ректоры. Ғыл.-зерт. еңбектері, негізінен, қазақ әдебиеті тарихы мәселелеріне арналған. 1975 ж. «С.Торайғыровтың лирикасы» деген тақырыпта канд., 1993 ж. «С.Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны» деген тақырыпта докт. диссертация қорғады. 1992 ж. «Сұлтанмахмұт Торайғыров» монографиясын жазды. 1974 ж. «Қазақстан» баспасынан тұңғыш рет С.Торайғыровтың библиографиялық көрсеткішін құрастырып шығарды. Ақын шығармаларының екі томдығын құрастырушылардың бірі (1993). Е. қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелеріне, сұлтанмахмұттануға арналған 100-ге тарта ғыл. мақалалардың авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *