ЕСКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙЫН

«ЕСКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙЫН» -Македонияның патшасы Александр Македонскийді (б.з.б. 356 -323) мадақтайтын қисса-дастандар. Осы аттас қиссалар Шығыс елдерінің көбінде бар. Ол туралы шығыстың классик жазушылары Низами, Фирдаусилер де көлемді шығармалар жазған. А.Құнанбайұлы «Ескендір» дастанын жазды. 20 ғ-дың бас кезіндеқазақоқығандары бұлтақырыпқа бірнеше қисса-дастандар шығарған. Мыс.. М.Тыныштықұлының «Ескендір Зұлқарнайын -Хазірет-и Зұлқарнайынның хикметі» атты өлеңмен жазылған 66 беттік кітабы Қазанда басылған (1909). Белгілі фольклоршы Жүсіпбек қожа Шайхысыламов қиссаны түрік тілінен қазақшаға аударып,»Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен 1911ж. Қазанда жеке кітап етіп бастырды. Бұл екі қисса Александр Македонскийдің әділетшіл, құдай сүйген, құдіретті күшті, аты өшпейтін қасиетті адам деп бейнелейді. Бүл қиссаларда көбінесе қазақ,
татар тілдері аралас келеді, бірақ олар қазақ оқушыларына түсінікті жазылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *