ЕСЕНТАЙ БЕРДІҰЛЫ

ЕСЕНТАЙ БЕРДІҰЛЫ (1894. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Көкбай а. -1967. Шығ. Қазақстан обл. Аягөз қ.) -педагог,халық ақыны. Әуелі ауылда,1905 -10 ж. Көкбай медресесінде,1911 -14 ж. Семей қ-ндағы орыс-қазақ мектебінде.1918 ж. Алаш қ-ндағы (Жаңа Семей) обл. жер басқармасы ашқан үш айлық мұғалімдер курсында,1921 ж. қазақ педагогика техникумының негізгі бөлімінде бір жыл оқыған. 1918 ж. Қазанда «Жастарға тағылым» атты кітабы шыққан. 1918 жылдан Дос болысында (қазіргі Абай ауд.) мұғалім болған. 1924 -28 ж. ағартушы Т.Жомартбаев негізін қалаған Маян мектебінде Семейден А.Х. Парфенов деген мұғалім апарып, екі тілде бала оқытқан. 1928 жылдан Қарауыл селосындағы мектептің меңгерушісі болады. Сол жылдары «Шәкірттерге», «Еңбекшіге», «Октябрь», «Активтерге айтылған жыр», «Мақтаныш», «Ауыл суреті», «Қазақстан табиғаты», т.б. өлеңдерін жазған. Е. 1937 ж. жалған саяси айыппен 10 жылға, 1949 ж. қайтадан тағы 10 жылға сотталып, 1956 ж. елге оралған. Өмірінің соңғы жылдарын жыр жазуға арнаған. «Қыз Жәкен» (1959),»Екі ойшыл» (1962),»Қанды асу» (1968) дастандары жеке кітап болып басылып шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *