ЕСБАТЫРОВ Жұмабай (1.1.1907. Қызылорда облысы Тереңөзек ауд. No 24-а. -1993) -жазушы, аудармашы. Шымкент пед. техникумын (1930). «Правда» атынд. Бүкілодақтық КИЖ-ді (1937) бітірген. Свердлов атынд. Шығыс халықтары ин-тыжа-нындағы марксизм-ленинизм классиктері шығармаларының редактор-аудармашыларын даярлайтын жоғары курста білім алған. Ауд., обл., респ. газеттер мен журналдардың арнаулы тілшісі, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары және редакторы қызметтерін атқарған. Е. 100-ден астам фельетон,
очерк, әңгіме жазған. Жиырмадан астам орыс, Бат. Еуропа классиктері мен жазушылары М.Горький (Асса Железнова, 1948), К.Гальдони,(Екі мырзаға бір қызметкер, 1948), Н.Вирта. (Құтылмастардың заговоры, 1950), А.Коран (Партия кандидаты 1951), С.Михалков (Қызыл галстук,1952), Л.Кассиль, М.Поляновский, (Кенже ұлдың көшесі. 1955), А.Файзи (Тоқай. 1962), Б.Кербабаев (Шешуші адым,1968) роман, повесть, пьесаларын қазақ тіліне аударған. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған