Қытай халқының нақыл сөздері

  • Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.
  • Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.
  • Сабырлылық — жақсылықтың қайнар көзі.
  • Ақылды жігіт пайдасыз, артық ақпаратты миына жинамайды. Сонымен қатар дүние-мүлкіне көңілін байламайды.
  • Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер. Және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас.
  • Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.
  • Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар — әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау
  • Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге талпыну — рухани дерт. Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана бұлардан арыла аламыз.
  • Кез келген істе шектен шықпаған жақсы.
  • Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.
  • Басыңызға бақ қонса, оның ұшып кетуі де оңай екенін ұмытпаңыз.
  • Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.
  • Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.
  • Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.
  • Жауын жеңген — батыр. Өзін жеңген — ер.
  • Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *