ЕРТЕКШІ

ЕРТЕКШІ -бұрыннан белгілі ертегілерді жадында сақтап, тыңдаушыға көркем тілмен, тартымды етіп айтып беретін немесе өз жанынан да ертеп шығаратын адам. Фольклордың қара сөзбен айтылатын эпик. жанрларының бір түрі -ертегінің алуан үлгілері ел ішінде көненің сөзін көп білетін Е-лер арқылы тараған. Әр Е. өзінің білім өресіне, өмірлік тәжірибесіне сөзге ұсталығына орай, ертегіге өзіншекөркемдік өрнек дарытады. Ертегілердегі адамгершілік, жақсылық-жаманшылық туралы алуан ойлар, өнеге-өсиетгер Е-нің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қалдырған мұрасы. Алғашқы қауымдық кезеңдегі Е-лер -алуан түрлі наным-сенімдерді, мифтік әңгімелерді жадында сақтап, кие тұтатын адамдар болған. Кейін мифтік сана сейіле бастаған соң Е-лер ертегі жанрын өрістете түскен. Батырлық, қиял-ғажайып, жануарлар туралы ертегілердің түр-түрін өмірге әкелген Е. оларды қара сөзбен де, өлең араластырып та айтқан. Е. барлық халықта бар. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Баймағамбет Е-нің тамаша бей-несін жасады. Қазіргі кезде ертегіні өз ойынан жазып шығаратын жазушыларды Е. деуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *