ЕР САЙЫН

«ЕР САЙЫН»-батырлық жыр. Көлемі 3000 тармақ. Жырда ноғайлы дәуіріндегі батырлар жорықтары баяндалады. Жыр ауызекі тараған. Оны 1870 ж. В.Радлов өз жинағында жариялаған «Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи, СПб., 1870). 1910 ж. Орынбор мұрағат комиссиясының ғыл. еңбектерінде «Бозманай» деген атпен басылды. Кеңес дәуірінде Ташкент (1922) пен Мәскеуде (1926) жеке кітап болып шықты. С.Сейфуллин құрастырған «Батырлар жыры» жинағында басылды (1933). Кейін, «Е. С.» эпостық жыры екі рет баспа бетін көрген В.В. Радлов жинағында жарияланды («Алтын сандық», А., 1993; «Ел қазынасы -ескі сөз», А.,1994). Эпостың ықшамдалған нұсқасы А.Пеньковскийдің аударуымен «Литературный Казахстан» журналында жарияланған (1938). Мәшһүр Жүсіп Көпеев, т.б. ауыз әдебиеті мұраларын жинаушылар жазып алған «Е. С.» жырының нұсқалары Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *