ЕРНАЗАРОВ Нұртай (5.5.1956 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд. Шолаққорған а.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1981). 1981 -98 ж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби қызметкер, «Ақ желкен», «Маңмаңгер» журналдарында, «Жас қазақ» газетінде, «Өнер» баспасында редактор
болып қызмет атқарған. 1998 жылдан «Шапағат-Нұр» исламтану журналының бас редакторы, «Тел Арна» баспаханасының директоры,»Қарлығаш», «Тобылғы күзде гүлдейді», «Үзілмейтін ән», «Тоқсан толғау», «Жетінші дауыс», «Мақтаншақ қаз» жыр жинақтарының, екі кітаптан тұратын «25 Пайғамбар», «Дін -ұлт тірегі» діни прозалық кітаптардың авторы. «Тәубаға келу жолдары», «Суннаны сақтау кажетгілігі», «Ұлы тұлғалар Ислам жөнінде» діни кітаптарын және чечен, қырғыз, татар ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.