ЕРМЕК БАТЫР

‘ЕРМЕК БАТЫР» -жыр. Еңлік пен Кебектен қалған бала Ермектің ер жеткен соң ата-анасының кегін қалай алғаны жайлы халық қиялынан туған оқиғаға құрылған. Бірнеше нұсқасы бар. Жырдың барлық нұсқаларының мазмұны ұқсас, кіріспе бөлімі, көбінесе батырлық жырлардағыдай, Ермектің балалармен ойнап жүріп, тентектік жасаумен, ата-анасының зұлымдықпен өлтірілгендігі жайлы естіп, кек алуға аттанғандығымен басталады да, жас батырдың әке-шешесін өлтірген жақты қырғынға ұшыратып, дастан соңында батыр мақсатына жетеді. Ермек бұл жерде ата-ана кегін алу үшін ғана күрес жүргізеді. Дастанда негізгі сюжетгік желі -ру таласынан туған зұлымдық әшкереленуге құрылған. Жыр нұсқалары Орталықғылымикітапхананың қолжазба қоры мен Әдебиет және өнер институты қол-жазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *