ЕРМАЧЕНКОВ Владимир

ЕРМАЧЕНКОВ Владимир (24.1. 1939ж.т.,Алматы) — жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1961). Шымкент пед. ин-тында оқытушы, «Қазақстан», «Жазушы» баспаларында, Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінде бас редактордың орынбасары, Қазақстан Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім мин-нің бас маманы қызметтерін атқарған. Тұңғыш жинағы «Ешқандай төтенше оқиға болмақемес» 1979 ж. жарықкөрген.»Жер үстіндегі үй» (повестер мен әңгімелер), «Жез жылуы» (1985) романы басылып шықты. Ә.Нұршайықовтың, Б.Тоғысбайұлының, Е.Әкімқұловтың, Т.Ахметжанның шығармаларын орыс тіліне аударған. «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері»,» Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *