Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — жаратылыстануғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортаменарақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жербетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылыморганизмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасыменарақатынасын зерттейді.