ЕЛШІБЕКОВ Ахмет (1901. Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауд, -1980) -жазушы, аудармашы. Алғаш молдадан сауат ашып, кейін орыс-қазақ мектебінде екі жыл оқып, хат таниды. 1918 -23 ж. Семейдің баспаханасында әріп теруші, 1923 -31 ж. «Қазақ тілі» газетінде, «Қызыл Қазақстан» журналында, «Лениншіл жас» (Қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналында, «Жас қайрат», «Еңбекші Қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде әдеби қызметкер, 1931 -32 ж. «Қазақстан большевигі» журналының жауапты хатшысы. 1934 -35 ж. Қазақстан Өлкелік партияк-тінің әдебиет, көркемөнер жөніндегі нұсқаушысы. 1935 -40 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі,редактордың орынбасары»(1936),1940 -41 ж. Марксизм-Ленинизм ин-ты Қазақстан филиалының аға ғыл. қызметкері,бас редакторы,1941 -47 ж. Кеңес Армиясы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы. ІІ-Белоруссия майданының газетінде редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1947-54 ж. «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы. 1954 -57 ж. Қазақтың мемл. Көркем әдебиет баспасының бас редакторы болып жұмыс істеген. Оның «Жаралы аңыз», «Обыс» фельетондары. «Жаумен жағаласқанда» әңгімесі (1933),»Өмір саясаты» очерктер жинағы (1934) жарық көрген. Ол француз жазушысы А.Барбюстің «Майлы күйе», венгр жазушысы М.Залканың «Тегеурінді тез» (1930-32),орыс жазушылары Н.Гогольдің «Ив. Иванович пен Ив.Никифоровичтің араздасуы жайындағы повесть». А.Немцовтың «Жер астындағы көлеңке» (1950), т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қызыл Жүлдыз. Отан соғысы орденімен. медальдармен марапатталған.