ЕЛЕУОВ Көшен (27.4.1892. Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Бесобаа. -3.9.1971. сонда) -ақын. 1916ж. қара жұмысқа алынып, Ресейдің батыс шекарасында болады. 1917 -27 ж. Қызыл Туауылдық кеңесінің төраға орынбасары,төрағасы қызметін атқарған. 1938 ж. Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындарына арнап ашқан қысқа мерзімді курсында оқыған. Е. өлеңдерін жазып та. ауызша да шығарған.»Елге сәлем» (1916),»Туысқанға», (1927),»Торғайға тарту» (1941), «Жас батыр» (1944). » Қандай қызық тамаша» (1949) өлеңдерімен,»Баян», «Қорқыт», «Бозінген». «Сарыарқалық жігіт»,»Екі дос»,»Қарағанды», «Жылқышы» дастандарымен елге танылған. 1943 -1962 ж. ауд.. обл.,респ. айтыстарға қатысқан. Айтыстары мен топтама өлеңдері «Ақындар жыры» (1963),»Пернедегі термелер» (1965). «Айтыс» (3-т. 1966). «Қаһарлы сөз қамал бұзады» (1969). «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарына енген.