ЕЛАМАНОВ Көшелек (1874. Бат. Қазақстан обл. Шыңғырлау ауд. Ашаа-1951, сонда) -ақын,жыршы. Жас кезінде Қобда, Елік, Шыңғырлау өңіріне белгілі ақын Жолмағамбет Сағынтайұлының қасына еріп, өнер үйренген. «Қобыланды», «Орақ-Мамай», «Көрұғлы», «Шора батыр»,»Ер Сайын», «Әрайна мен Күләйна», т.б. дастандарды жаттап, Орал, Ақтөбе, Атырау,Орынбор аймағын аралап жыр айтқан. Е-тың Отан соғысы кезінде шығарған өлеңдері Орал обл. газетінде жарияланған.