ЕКПІНДІ ТІЛШІ

«ЕКПІНДІ ТІЛШІ»-1932 -33 ж. «Социалды Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті жанынан шығып тұрған тілшілер орталығының журналы. 1932 ж. латын әліпбиіне көшкенде қазақ газеттерінің бірқатар авторлары мен тілшілерінің жаңа жазуды қиынсынуы байқалды. «Социалды Қазақстанның» өзі ауыл,аудандар өміріндегі өзгерістерді жете көрсете алмай,оқырмандарының көңілінен шығып, оларға түсінікті ақпарат бере алмай қалды. Өлкелік партия к-ті мен бақылау орындарының үндеулерін қостаумен ғана шектелді. «Е. т.» сол кемшіліктерден арылу мақсатымен шығарылған. Ол газет-журналдардың елмен байланысын жақсартуға ықпал етгі. Журналдың 1932 жылғы 4 саны. 1933 жылғы 2 саны сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *