ЕКПІН

«ЕКПІН» -Алматы қаласындағы 1928 ж. ашылған Жұмысшылар факультеті оқушыларының қолжазба журналы. Журналдың үш бөлімі болды. «Жалпы бөлімде» жастарды өндіріс орындарының іргетасын қалауға,оған қазақ әйелдерін тартуға,ұлт жұмысшыларын көбейтуге шақырды. «Әдебиет» бөлімінде Әл-мұханбетүлының «Жеңдік және жеңеміз»,»Мәдениет төңкерісінің жолында». Байғонысүлының «Біздің Қадыр»,Мұсаұлының «Қарағанды», Қаленұлының «Қарсақпай» деген өлең, әңгімелері жарияланған. Журналдың үш ғана саны сақталған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *