ЕГІЗБАЕВ Әбзәли (1907. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Тұрмағамбета. -29.8.1945. Манчжурия)-жауынгер ақын. Қызылорда пед. уч-щесін бітірген (1934). 1933 -35 ж. Қызылорда обл. Жалағаш ауд-нда, кейін Қызылтам мектебінде мұғалім,мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1938 ж. жалған саяси айыппен жазаланып. Магадан обл. Колыма өз. бойында орналасқан «Одинокий», «Партизанский» алтын кен орындарында жұмыс істеген. 1941-42 ж. Жалағаш ауд. Жаңаталап мектебінің директоры болған. 1942 жылдың күзінде әскерге алынып, Батыс майданда. кейін Шығыс майданда соғысқан. Елге қайтар жолда жапондар ұйымдастырған пойыз апатынан қайтыс болып, Манчжурияда жерленген. Майдан
газетінде «Суворовшы», «Жауға қарсы аттан». т.б. жырлары жарияланған.»Дат»,»Мақсұт»,»Төртдәруіш»,»Жорық жолында» поэмаларының авторы (1943 -45). Ақын шығармалары кейін жиналып «Жауынгер жүрегі» (1969), «Жыр аманат» (1978), «Елімнің сырын еттім жыр» (1996),»Киелі Қармақшым» (2003) жинақтарына енген.