ЕБЕКЕНОВ Еркеш, Еркеш Ибраһим (7.11.1930. Ақмола обл. Балқашин а. -18.10.1986. Қарағанды қ.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1955). 1955 -61 ж. Көкшетау обл. «Көкшетау правдасы» газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі. 1961 -86 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Көкшетау, Қарағанды облыстары бойынша меншікті тілшісі болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1954 жылдан жариялана бастаған.