ДІНІШЕВ Мұса Бөкенбайұлы (5.5. 1912ж.т„ Бат. Қазақстан обл. Казталов ауд.) -журналист. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1985). 1930 ж. Ақтөбе қ-ндағы пед. техникумды бітірген. Ауд. комсомол к-тінің хатшысы (1932 -34). «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редакциясының бөлім меңгерушісі (1934 -37), Қазақ радио к-тінің редакторы (1937-41) қызметтерін атқарған. 1941 ж. әскер қатарына алынып. ро-таның саяси бөлімі командирінің орынбасары. Кеңес әскерлерінің әр түрлі майдандық газеттерінде тілші болды. Қазақ біріккен мемл. баспасында редактор (1947 -50). «Қазақфильм» киностудиясы сценарий бөлімінің бастығы (1950 -51), Оқу пед. мемл. баспасының («Учпедгиз»)директоры(1951 -53). Баспа ісі жөніндегі бас басқарма бастығының орынбасары (195-3-54). Мәдениет мин-нің бас редакторы (1955 -58) қызметтерін атқарды. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының алғашқы редакторларының бірі (1958 -61). бас редакторы (1965 -76). Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары(1961 -64)қызметтерін атқарып,отандық мәдениетті дамытуға үлес қосты. 1976 жылдан1987 жылға дейін шет елдегі отандастар арасында тараған «Біздің Отан» газетінің редакторы болды. Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.