ДЫБЫС ҮЙЛЕСМІ

ДЫБЫС ҮЙЛЕСМІ -(Инструментовка) -поэзияда дыбыс үндестігін пайдалану тәсілі. Фонетикалық және стилистикалық мән-мағынасына сай, әрбір сөз өлеңге жағымды тембр, эмоциялық бояу, нәр қоса отырады. Аллитерация, ассонанс, дыбыс қайталаушылық, дыбыс еліктеушілік сияқты тәсілдер дыбыс үйлесіміне негізделеді. Мыс., Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын? Немесе: Ұрысса орыс, Елге болыс, Үйден үрген итке ұқсап, -деген Абай өлеңдерінің жолдары аллитерация және дыбыс қайталаушылық сияқты тәсілдерді қолдану арқасында қүлаққа жағымды және ерекше эмоциялықнәр береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *