ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ Пернебай (13.10.1943 ж.т.. Жамбыл обл. Сарысу ауд. Жайылмаа.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1969). Туған ауылында қазақ тілі мен әдебиеті,сурет пәндері бойынша мұғалім болды. 1997-98 ж. «Қаратау» газетінің әдеби қызметкері. 1998 жылдан «Қаратау» тау-кен байыту комб. ақпарат бюросының бастығы әрі жоғарыдағы газеттің редакторы қызметтерін атқарған. «Жұлдыздар неге жылайды?» атты көлемді лирикалық повесі 1979 ж. «Жалын» журналында жарияланды. Сол жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Жалын» баспасы жариялаған респ. жабық бәйгеде «Кішкентай генералдар» повесі үшінші орынды иеленді. Осы дәстүрлі бәйгенің бірнеше дүркін жеңімпазы. 1994 ж. «Балауса» баспасы жариялаған жабықбайқауда»Дәуренніңойыншықтары» атты повесі екінші бәйгені иеленді. «Жалғыз салтатты», «Арманымның ақ құсы»,»Дөңгеле, күн, дөңгеле», «Бастау» атты бәйге алған шығармалары алғашқы жинақтарда жарияланған.