ДҮЗЕНОВ Мұхамеджан (18.10.1924. Торғай обл. Жанкелдин ауд. -1979) -жазушы, драматург, аудармашы. 19-47-49ж. Қостанай обл. газетінде істейді. 1952 ж. М.Горький атынд. Әдебиет ин-тын (Мәскеу) бітірген соң Қазақ радиосында істеген. Д. Абай атынд. академиялық Опера және балет театрының әдебиет бөлімін басқарған. Қостанай обл. газетінің меншікті тілшісі,мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған. 1960 ж. Қазақстан Жазушылар одағының аппаратына ауысып,әдеби кеңесші боп істейді. Кейін «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы, Қазақ радиосының бас редакторы, ҚР Мәдениет министрлігінде репертуар-редакция алқасында бас редактор қызметтерін атқарған. Д-тың алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1949ж. баспа бетінде жарық көре бастайды. Содан кейінгі шығарм. жолында бірнеше повесть. роман кітаптары, драмалық шығармалары дүниеге келді. Бір актілі пьесалар байқауында «Аралдың алтын балығы» атты туындысы екінші бәйгеалды (1967). Пьесалары респ.. обл. театрлар сахнасында, сондай-ақ, Мәскеу театрында (1974) қойылды. Прозалық шығармалары бірнеше дүркін «Советский писатель» баспасынан шықгы. Ол В.Васильевскаяның «Пламя на болотах» романын. С.Маршаюың «Умные вещи» пьесасын, Л.Кассильдің «Ход белой королевы» туындысын қазақшаға аударған